Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Тигран Кеосаян енді Қазақстанға кірмейді

Тигран Кеосаян енді Қазақстанға кірмейді

Алматы. 5 мамыр. 7kun.kz – Ол Қазақстанда 9 мамыр мерекесіне әскери парад өтпейтініне көңілі толмайтынын айтқан. Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі ресейлік режиссер Тигран Кеосаянды "нон грата" тізіміне, яғни Қазақстанға кіруге тыйым салынғандар тізіміне қоспақшы, деп хабарлайды 7kun.kz.

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Тигран Кеосаянға "нон грата персонасы" мәртебесін беру процесін бастады. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз хатшысы Айбек Смадияров мәлімдеді.

«Сол күні Кеосаянды елімізге кіруге рұқсат етілмеген тұлғалар тізіміне енгізу процесін бастадық. Дипломатиялық тәжірибеде кейде мұндайды қолданамыз», – деді Айбек Смадияров

24 сәуірде Кеосаян YouTube-арнасында қазақстандықтарға қатысты даулы мәлімдеме жасаған еді. Тигран Кеосаян Қазақстанға сес көрсете сөйлеп, "Украинаға қарап, жақсылап ойланыңдар, оң-солдарыңды дұрыстап таныңдар" деген мағынада үн қатқан болатын.

Тигран Кеосаян мен Маргарита Симоньян
фото:
Екатерина Чеснокова/ РИА Новости

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Тигран Кеосаянның сөздерімен келіспейтінін айтты. Тигран Кеосаян - RT телеарнасы, "Россия сегодня" халықаралық ақпарат агенттігі және Sputnik ақпарат агенттігінің бас редакторы Маргарита Симоньянның күйеуі.

Похожие материалы