Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Тиімді саяхаттағыңыз келсе. Бірінші бөлім

Тиімді саяхаттағыңыз келсе. Бірінші бөлім

Демалыс, әсіресе шетелге саяхат әркімнің көңілінде жүрген ерекше арман. Ал, сіз арманыңызды мақсатыңызға айналдырып көрдіңіз бе?! Көрікті қалалар мен күн күйдірер жағалауларды көруге сіздің де мүмкіндігіңіз бар. Ол үшін «қалталы» болудың қажеті шамалы. Бастысы, қаржыңызды дұрыс есептеп, орнықты бағыттай біліңіз.

Түркия 10904864_594736977326690_2097611859_n Бұл ел - «all inclusive» керемет саяхатының көшбасшысы, бұл жерге жылдың кез келген маусымында бара аласыз. Түркия қолжетімді бағасымен, қызмет көрсетудің және қонақ үй сервисінің жоғарғы деңгейімен ерекше. Жағалаудағы күнге қыздырынуды шаңғымен сырғануға ұластырып, сондай-ақ елдің басты байлығы мәдени ескерткіштерді де көре аласыз. Түркиядағы шоппинг өз алдына бөлек әңгіме. Көз тартар маталардың молшылығы, асыл тастардан жасалған әшекейлер, былғары мен аң терісінен жасалған бұйымдар – барлығы, тек қана түрі мен сапасы жағынан ғана емес, бағасымен-ақ басыңды айналдырып алады. Елегізіп тұратын сатушылары дүңгіршектеріне шақырып, тауардың сан түрін көрсетіп, қызмет көрсетеді. Бұл жерде бағаны 30-50% түсірсеңіз де болады. 10965292_594736997326688_377935950_n Түркиядағы демалысты өзіңіз де жоспарлай аласыз. Танымал шипажайлар шетелдіктерге бағасы сырт жақта айына 450-1500$ арасында түрленетін пәтерлер мен апартаменттер ұсына алады. Тұрғын үй бағасы жыл маусымы мен судың жақындығына байланысты болады. Теңіз жағасынан вилла немесе үй алу қиындау, себебі жағалаудың бәрін қонақ үйлер жаулап алған. Теңізден 15-20 минуттық жердегі алты адамға арналған үйді күніне 60-80 евро алуыңызға мүмкіндік бар. Душтарды пайдалану және жағажайға кіру Түркияда тегін, тек өз қонақтарына ғана арналған мейманхана алаңдарына кіре алмайсыз. Ал, шезлонг мен шатырлар үшін 3-4 евро көлемінде ақша төлейсіз. Қазақстанның туристік агенттіктеріне барсаңыз, Түркиядағы сізге ұнаған қонақ үйлердің бірінен орынға алдын ала тапсырыс бере аласыз. Мысалы, Анталиядағы 4 жұлдызды «all inclusive» санатындағы қонақ үй апталық сапарға шыққандар үшін адам басына 1000$. Алматыдан ұшып шығатын билеттің бағасы жалпы саяхаттың құнына кіреді. Ең жақсысы, сіз виза ашып әуре болмайсыз. Болгария 10965244_594736927326695_273703526_o Болгария Еуропада демалғысы келетін жандар үшін тиімді саяхат орталығы. Бірнеше сағат ұшқаннан кейін Қара теңіздің құмды жағалауында ғана емес, жоғары сапалы тау шаңғылық және минеральді шипайжайлардың да «ұлы мәртебелі» қонағы бола аласыз. Болгарияның «қалталы» қала емес екендігін шоппинг жасап-ақ байқауға болады. Әсіресе, аяқ киім және сырт киім, әшекей бағаларына көңіліңіз толады. Мұнда кестелеп тігілген зығырдан жасалған заттар, былғары бұйымдары, қолдан жасалған күміс заттар, раушандар алқабынан әкелінген парфюм, шарап, «ракия» жергілікті арағы және «шарена соль» дәмдеуіші мен кимион үлкен сұранысқа ие. Өздігінше демалатын болсаңыз ең жеңіл және тиімді транспорт қоғамдық автобус болып табылады. Онда жүру бағасы 1 болгарлық лев немесе 0,5 евро.Екі бөлмелі пәтер жалдау бағасы теңізбен ара қашықтығы және жайлылығына қарай күніне 17$ көлемінде есептеледі. 10962058_594736923993362_419976670_n Болгария жағажайлары мемлекеттікі болғандықтан, барлығына да кіру тегін және ол жердің тазалығы үшін еш уайымдамаңыз. Көп жерде шатырлар мен шезлонгтарды пайдалану мейманханада тұру бағасына кіреді. Болгарияда асты тапсырыспен аласыз. Бастысы, бұл ел өте дәмді және ерекше асханасымен танымал. Кез келген асты ең арзан бағада ала аласыз. Екі адам үшін жергілікті тағамдармен түскі ас ішу 20 евро. Сондай-ақ көптеген кафелер мен мейрамханалар бонус ретінде тегін сусындар ұсынады. Күнгей жағалау және Алтын құмдардың ең танымал шипажайында орналасқан 4 жұлдызды қонақ үйде 10 күн демалу бағасы 800$-дан басталады. Бұл бағаға ұшақта ұшу, трансфер, өмір сүру, тамақтану және медициналық сақтандыру құны кіреді. Грекия 10968852_594737003993354_952661453_o Көне грек аңыздары және антикалық мифтермен танысып, ежелгі Эллада жерінің таңғажайып жағалауларында демалып, сауда жасаймын десеңіз Грекия сізді құшақ жайып қарсы алады. Әдемі табиғат, жұмсақ климат, қайталанбас архитектура және тиімді бағалар үш теңіз қоршап жатқан Грек жерінің кереметі. Толықтай пансионмен қамтамасыз етілген қонақ үйлер отбасылық бюджетке зардап келтіре қоймайды, есесіне мұндағы арнайы ұсынымдар мен жеңілдіктер Грекия шипажайларының өзгелермен бәсекелестігін арттыра түседі. Тәуелсіз саяхатшыларға кеңес: Грекиядағы ең арзан азық-түлікті базардан да, үлкен маркеттерден де ала аласыз. Кафеде немесе мейрамханада тамақтану Болгарияға қарағанда қымбаттау: екі адам үшін 35-50 евро, тек түскі астың өзі 25 евро көлемінде. Грекияда тұрғын үй жалдау қалыптасқан дәстүр. Екі бөлмелі коттедж немесе теңіз жағасындағы үй күніне 150-180$ шамасында бағаланады. Ал, пәтерлер құны арзандау, ең кемі 40$-дан басталады. Саяхатшылар аз кезде қонақ үйлер бағасы 30%-ға дейін төмендейді. Мұнда күніне 40 доллар жұмсап-ақ қонақ үйге орналасуға, мейрамханада демалуға және арзан экскурсия ұйымдастыруға мүмкіндік бар. 10967485_594737050660016_216501675_o Грекияда жаныңыз қалағанның бәрі бар: Еуропаға қарағанда арзан бағамен майдагерлік өнеркәсіптен(кілемдер, шарап, икондар, алтын бұйымдар) танымал еуропалық брендтерге дейін табуға болады. Грекияда аң терісінен киім тігетін фабрикалардың үлкен көлемі шоғырланған, сондықтан ол ең ірі үлбір тон өндіретін елдердің бірі боп табылады. Зәйтүн, май, дәмдеуіш, шөп шайлар саяхатшылар тарапынан сұранысқа ие. Ал, жемістер мен көкөністер Еуропада өте қымбат. Мұнда 700-800 долларға 10 күн өмір сүруге болады. Саяхат құнына Алматыдан немесе Астанадан ұшақпен ұшу бағасы, трансфер, 10 күн өмір сүру,медициналық сақтандыру, өзің қалаған бағдарламамен тамақтану кіреді. Виза бағасы бөлек төленеді. Еуропада демалудың бірден-бір артықшылығы: бір ғана визамен көрші елдерді де аралап шығуға болады. Бастысы, бір елді межелеңіз. Жалғасы бар...

Похожие материалы