Алматы. 30 қараша. 7kun.kz – Тікелей эфирде түкірген мәжіліс депутаты Ерлан Сайыровқа айыппұл салынды. Бұл туралы Павлодар облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Депутат Ерлан Сайыровтың өзі бұл әрекеті үшін халықтан кешірім сұрады.
«Біріншіден, қауымнан, егер қолайсыз жағдайға қалдырсам, кешірім сұраймын. Екіншіден, кеше кешке Екібастұзда қатты аяз болды, далада тұрғандықтан, осындай жағдай болды. Далада төрт-бес сағат жүрдік, ТЭЦ-қа бардық, сол кезде тамағым құрғап кеткен болуы керек», – деді ол.
Павлодар облыстық полиция департаменті қоғамдық ортаны ластау фактісі бойынша Ерлан Сайыровқа қатысты әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 434-2-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалып, 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.