Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Time журналы «Жыл адамын» жариялады

Time журналы «Жыл адамын» жариялады

Алматы. 6 желтоқсан. 7kun.kz — Сауд Арабиясы Корольдігінің ханзадасы, Мохаммед бин Салман Аль Сауд, «Жыл адамы 2017» номинациясын жеңіп алды. Онлайн-сауалнаманың нәтижесінде ханзада басқа да әлемдік көшбасшыларға, суретшілер мен танымал тұлғаларға қарағанда көбірек дауыс жинады, деп хабарлайды Time журналы.

32 жастағы ханзада 24 пайыз дауысқа ие болды. Екінші орынды танымал адамдардың тарапынан жасалған жыныстық қудалау туралы әңгімелеген #MeТoo қозғалысының қатысушылары алды. Олардың жинаған даусы 6 пайызды құрады.

Үшінші орынды бірнеше үміткер жеңіп алды. Олардың әрқайсысы 5  пайыз дауысқа ие болды. Олар «Ресейлік іс» үшін АҚШ-тың арнайы прокуроры Роберт Мюллер, футболшы Колин Коперник және «армандаушылар» (АҚШ-қа заңсыз түрде ата-аналарымен келген жастар).

Сонымен қатар, Владимир Путин, Эммануэль Макрон, Ангела Меркель және Папа Френсис сынды саясаткерлер 3 пайызға ие болды.

Похожие материалы