Экономика
Тимур Құлыбаев Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті болып сайланды
26 қыркүйек күні Алматыда Қазақстан Республикасы Ұлттық олимпиада комитетінің сессиясы өтті. Оның жұмысына Қазақстан спорт федерацияларының бірінші басшылары қатысуда, деп хабарлайды Қазақстандық бокс федерациясының баспасөз қызметі.
ҰОК президенті болып Қазақстан бокс федерациясының президенті, Спорттық жекпе-жек және спорттың күш-қуат түрлері конфедерациясының төрағасы Тимур Құлыбаев бірауыздан сайланды.
ҰОК бұрынғы басшысы Темірхан Досмұхамбетов ұйымды 2006 жылдан бері басқарып келген болатын.