Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Құлыбаев оңтүстіктегі бизнес ахуалмен танысты

Құлыбаев оңтүстіктегі бизнес ахуалмен танысты

Алматы. 3 мамыр. 7kun.kz - «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев Жамбыл облысына іс-сапармен барып, өңір кәсіпкерлерімен жүздесті, деп хабарлайды Palata.kz.

Сапар барысында ол «Қазфосфат» ЖШС-ның Тараздағы филиалы «Минералды тыңайтқыш» зауытында болды. Аталған зауыт 2016 жылдың желтоқсан айында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен телекөпір кезінде таныстырылған еді. Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаевпен бірге Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің «Көне Тараз» тарихи-мәдени орталығында өткен кеңейтілген отырысына қатысты. Кездесуде Тимур Құлыбаев облыс кәсіпкерлерімен бірге мәселелер мен өңірлік бизнесті қолдауға бағытталған басымдықтарды талқылады. Жиынға «Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов, Басқарма мүшесі, Ұлттық палата Басқарма Төрағасының орынбасары Төлеміс Шотанов, Ұлттық палата Төралқа Хатшылығының жетекшісі Лаззат Рамазанова, облыс басшылығы қатысты. Жиында облыс әкімі мен  «Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Төлеміс Шотанов Жамбыл облысындағы бизнес ахуалға тоқталды.      

Похожие материалы