Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Тимур Құлыбаев Халықаралық Олимпиада комитетінің мүшесі болды

Тимур Құлыбаев Халықаралық Олимпиада комитетінің мүшесі болды

Алматы. 17 мамыр. 7kun.kz — Халықаралық Олимпиада Комитетінің басшысы Томас Бах Қазақстан ҰОК президенті Тимур Құлыбаевқа қоғаммен байланыс және спорт арқылы әлеуметтік даму жөніндегі (Public Affairs and Social Development through Sport Commission, PASD) ХОК Комиссиясына тағайындалғаны туралы құттықтау хатын жолдады, деп хабарлайды ҚР ҰОК баспасөз қызметі.

«Сізді PASD комиссиясының мүшесі етіп тағайындағаныма қуаныштымын. Сізге әріптестігіңіз үшін алғыс айта отырып, жақын арада кездесетінімізге сенімдімін» делінген хатта.

Аталған комиссия бұған дейін халықаралық қатынастар жөніндегі Комиссия деп аталатын. PASD негізгі міндеттеріне кіреді: ХОК сессияларын өткізу, ұйымның атқарушы комитеті мен ХОК президентіне әлемдегі Спорт пен Олимпизм рөлін дамыту стратегияларын түсіндіру, Олимпиадалық қозғалысты дамыту, БҰҰ және Олимпиадалық ойындардан бөлек өзге де ұйымдармен байланыс орнату жөнінде кеңес беру.

Айта кетейік, Тимур Құлыбаев алғаш рет 2017 жылдың сәуір айында аталған Комиссия қатарына енген. 2018 жылдың тамызында ХОК басшысы PASD  құрамын қайта қарап, Т. Құлыбаевты қайтадан тағайындады. 2019 жылы әлемдегі гендерлік және құрлықтық теңдікті сақтау мақсатында Томас Бах жетекші мамандармен бірге комиссия құрамын қайта қарады. Бүгінде PASD құрамында 10 әйел адам және 18 ер адам бар. 

Похожие материалы