Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Тимур Сүлейменов: Инфляция 5,9 пайыз көрсеткішіне дейін төмендеді

Тимур Сүлейменов: Инфляция 5,9 пайыз көрсеткішіне дейін төмендеді

Алматы. 3 шілде. 7kun.kz – «Бізде жарты жыл бойынша инфляцияның қорытындысы жасалды. Инфляция 5,9 пайыз көрсеткішіне дейін төмендеді. Атап айтқанда, бізде азық-түлік тауарлары бойынша инфляция 0,1 пайызды құрады. Яғни дефляция категориясына шықтық», - деді ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов .

Оның болжамына қарағанда, 2018 жылдың соңына дейін Қазақстан осы оңтайлы қарқынды сақтап қалады.

«Егер де 2017 жылы өсім 0,7 пайыз болса, биыл 0,1 пайыз деңгейінде. Бұл өз кезегінде айтарлықтай жақсы көрсеткіш. Сондықтан, біздің 2018 жылға межелеген макроэкономикалық индикатор (инляцияның дәлізі 5-7 пайыз деңгейінде) қазіргі кезде орындалып келеді. Біздің ойымызша, жыл соңына дейін осы дәліз төңірегінде боламыз», - деді министр.

Бұдан бөлек ол аталған мәселеде алдағы жылғы талаптарға тоқталды.

«2019 жылдан бастап бізде қатаң талаптар белгіленген. Сондықтан 4,6 пайыз санатына енуге тырысамыз. Сәйкесінше, бұл дәлізден шықпауға мән береміз. Бұл өз кезегінде көптеген факторларға әсер етеді, яғни халықтың әл-ауқатына, нақты табысына ықпалы бар», - деді ведомство басшысы.

Похожие материалы