Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Тимур Сүлейменов Қазақстанның Бас көлік прокуроры болып тағайындалды

Тимур Сүлейменов Қазақстанның Бас көлік прокуроры болып тағайындалды

Нұр-Сұлтан. 27 шілде. 7kun.kz – Тимур Сүлейменов Қазақстанның Бас көлік прокуроры болып тағайындалды. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

«3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Сүлейменов Тимур Қайырбекұлы Бас көлік прокуроры болып тағайындалды», - делінген хабарламада.

Сүлейменов 2021 жылдың мамырынан бастап Құқық қорғау органдары академиясының ректоры, оған дейін 2017 жылдың тамыз айынан бастап Қостанай облысының прокуроры, одан бұрын, 2013 жылдан бастап Астана қаласы прокурорының бірінші орынбасары қызметін атқарған.

Сондай-ақ Мемлекет басшысының келісімі бойынша Бас прокурордың бұйрығымен бірқатар облыстардың прокурорлары тағайындалды.

Жаңадан құрылған Ұлытау облысының прокуроры 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Жарқынбек Кендірбекұлы Бақашбаев болды.

Абай облысының прокуратурасын 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Абаев Ерлан Масғұтұлы басқарды.

Аға әділет кеңесшісі Басшыбаев Мадияр Бекенұлы Жетісу облысының прокуроры болып тағайындалды.

Батыс Қазақстан облысының прокуроры болып 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Шалабаев Серік Рысқалиұлы тағайындалды.

Ақтөбе облысының прокуратурасын 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Халидулла Зиноллаұлы Дәуешов басқарды.

Маңғыстау облысының прокуроры лауазымына аға әділет кеңесшісі Руфат Бауыржанұлы Құттықов тағайындалды.

Жұмақанов Бауыржан Альбертұлы Атырау облысының прокуроры болып тағайындалды.

Похожие материалы