Экономика
Тимур Жайықов Инвестициялар және даму министрлігі Инвестициялар комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды
Алматы. 18 мамыр. 7kun.kz - Тимур Жайықов ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Инвестициялар комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.
Жайықов Тимур Адайұлы 1982 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. 2005 жылы «Абылай хан» атындағы қазақ халықаралық қатынастар және әлемдік тілдер университетін, 2010 жылы М. Әуезов атындағы қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университетін, 2016 жылы «Болашақ» халықаралық бағдарламасы бойынша магистр дәрежесін (Ұлыбритания) алды. Саяси ғылымдар кандидаты. Еңбек қызметін 2006 жылы Алматы облысы Талғар ауданы Гүлдала ауылдық округі әкімі аппаратында маман қызметінен бастады, одан кейін Қазақстан Республикасының Алматы облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің басқармасында жұмыс атқарды. Әр түрлі жылдары денсаулық сақтау, ауыл шаруашылық және сауда салаларында жұмыс істеді. 2010 жылдан бастап ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Инвестиция комитетінің бас сарапшысы лауазымында қызметін атқарды. 2012 жылдан қазіргі уақытқа дейін ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Инвестиция комитеті Инвестиция тарту басқармасының басшысы лауазымында жұмыс атқарды.