Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Тіркеусіз жүрген шетелдіктерге қолданылатын жаза өзгеруі мүмкін

Тіркеусіз жүрген шетелдіктерге қолданылатын жаза өзгеруі мүмкін

Алматы. 24 сәуір. 7kun.kz — Қазақстанда заң рұқсат берген мерзімнен артық тіркеусіз жүрген шетелдіктерді жазалау шараларын өзгертуді ұсынды. Бұл туралы бүгінгі Мәжіліс отырысында Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев мәлімдеді.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес елде болу уақытында тіркелмеген шетелдіктер 15 АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді немесе елден шығарылады. Бұл ретте соңғы шара сотта қолданылады. Осылайша, барлық мәселелер шешілмейінше, шетел азаматтары тұтқынға алынады. Ал ІІМ бұл жағдайды өзгертуді ұсынды.

«Егер бұзушылық үш тәулікке дейін болса — ескерту, бес тәулікке дейін — 5 АЕК, 10 тәулікке дейін - 10 АЕК. Сонымен қатар, шетелдіктерді рейстерден кідіріссіз және алып тастамай, сол жерде жазаны жүзеге асыру керек», — деді Марат Қожаев.

Сондай-ақ, Қожаевтың пікірінше, жазаны жеңілдету Қазақстанның туристік және инвестициялық тартымдылығын арттырады.

Похожие материалы