Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

"Титаниктің" соңғы ас мәзірі 88 мың долларға бағаланды

"Титаниктің" соңғы ас мәзірі 88 мың долларға бағаланды
1912 жылы суға батқан "Титаниктің" соңғы күнгі ас мәзірі аукционда 88 мың долларға сатылды. Бұл туралы forbes.kz хабарлайды. Ас мәзірі апат кезінде аман қалғандардың ұрпақтары арқылы сатылымға шықты. Сатылған мәзірдің мерзімі 1912 жылдың 14 сәуір деп көрсетілген және кеме жүретін компанияның логатипі бар. Бірінші классқа жататын жолаушыларға арналған ас мәзірінде креммен көмкеріліп қуырылған қой еті, қақталған картоп, балық тұздығы, ірімшіктің 8 түрі және алма базесі сияқты тағамдар тізімделген. Ауционды ұйымдасырушылардың мәлімдеуінше, кемеден мәзірді бүтіндей алып шыққан адам бірінші классқа жататын байлардың қатарында болған. Ол ақша үшін байларды алып жүретін кішкентай қайықтың көмегімен тірі қалған. Ал сатылған ас мәзірі -  кеме суға батар алдында түскі ас кезінде ұсынылған төрт мәзірдің бірі.

Похожие материалы