Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

2017 жылы мерзімді және шартты салымдар мөлшері төмендеген

2017 жылы мерзімді және шартты салымдар мөлшері төмендеген

Алматы. 14 қыркүйек. 7kun.kz — 2017 жылғы шілдеде қазақстандық банктердегі жеке тұлғалардың мерзімді және шартты салымдары 782,6 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылдың шілдесіне қарағанда 14,8 пайызға аз. Бұл туралы ranking.kz хабарлайды.

Мерзімді және шартты салымдардың ішіндегі ұлттық валютадағы салымдар 501,5 млрд теңге болған. 2016 жылдың шілдесімен салыстырғанда 23,8 пайызға (96,4 млрд теңге) өскені байқалады. 2017 жылдың басынан бері 3,5 трлн теңге тартылған, бұл 2016 жылғы қаңтар-шілдесіне қарағанда 23,2 пайызға (663,8 млрд) көп.

Шетел валютасындағы шұғыл және шартты салымдар көлемі 2017 жылы шілдеде 281,1 млрд теңгені құрады. Бұл 2016 жылғы шілдемен салыстырғанда 45,3 пайызға (232,4 млрд) төмен.

2017 жылғы қаңтар-шілдеде шетел валютасындағы салымдар 2,6 трлн теңгеге жетті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,5 триллионға (36,5 пайыз) кем.

Ішкі валюта нарығында шетел валютасына сұраныс артып келеді.

Айгүл Хожантаева

Похожие материалы