Астана. 13 қаңтар. 7kun.kz - 2016 жылы Қазақстандағы бөлшек сауда кәсіпорындары 7,6 трлн теңгенің тауарын сатқан. Бұл туралы статистика комитетінен хабарлайды.
Бір жыл ішінде қазақстандықтар 2,7 трлн теңгеге (35,7% бөлшек сауда) азық-түлік, 4,9 трлн теңгеге азық-түлік емес тауарлар (64,3% бөлшек сауда) сатып алған.
2015 жылмен салыстырғанда өткен жылы тамаққа кеткен шығындар 22,7%, азық-түлік емес тауарларға кеткен шығын 19,9%-ға артқан.
Бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі ірі сауда орындары 53,8%-ды (4,1 трлн теңге), ал жеке кәсіпкерлердің оның ішінде базардағы саудагерлердің үлесі 46,2%-ды (3,5 трлн теңге) құрайды.
Осыған дейін жазылғандай, Қазақстандағы сауда желілерінің дамуы Ресеймен салыстырғанда 10 жыл артта келеді. Қатысушылардың сөзінше, нарықта фуд-ретейлдің дамуына үлкен мүмкіндік бар.