Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Өткен жылы "ҚазМұнайГаздың" таза кірісі 2,5 есеге азайды

Өткен жылы "ҚазМұнайГаздың" таза кірісі 2,5 есеге азайды

Ұлттық "ҚазМұнайГаз" компаниясы 2014 жылы 199,215 млрд теңге көлемінде таза пайда түсірді. Бұл 2013 жылмен салыстырғанда 2,5 есе аз деп жазылған компанияның қаржылық есептің халықаралық стандарттары (ҚЕХС) бойынша жазылған есепте.

Өткен жылы"ҚазМұнайГаздың" түсімі 1,9%-ға немесе 3,187 трлн теңгеге дейін төмендеп, іске асырудың өзіндік құны 1% немесе 2,232 млрд теңгеге дейін, ұлттық компанияның жалпы пайдасы 3,9%, 864,602 трлн теңгеге дейін азайды. Салық салу бойынша пайда 2,1 есе төмендеп, 319 млрд теңгені құрады. Өткен жылы операциялық шығындар көлемі 28,990 млрд теңге, табыс 351 млрд теңге болған. Іске асырылмаған теріс курстық бағам 107,9 млрд теңгеге тең болды. Ал 2014 жылғы әкімшілік шығындар 2,3 есе көбейіп, 532 млрд теңгеге жетті. 2014 жылы ұлттық компания активтері 17%-ға ұлғайып, 8,838 трлн теңге, міндеттемелер 25,5%-ға ұлғайып, 4,422 трлн теңге, жеке капитал 9,4%-ға ұлғайып, 4,417 трлн теңгені, жарғылық капитал 1,9%-ға ұлғайып, 557,072 млрд теңгені құрады.

Похожие материалы