Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

ТКШ модернизациясы үшін 450 млрд теңге бөлінеді

ТКШ модернизациясы үшін 450 млрд теңге бөлінеді

Тұрғын үй-коммуналдық шауаршылықты (ТКШ) модернизациялау үшін 2019 жылға дейін "Нұрлы жол" бағдарламасы бойынша Ұлттық қордан 450 млрд теңге бөлу жоспарлануда. Бұл ретте 2015 жылы 60 млрд теңге бөлінеді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ұлттық экономика вице-министрі Қайырбек Өскенбаев хабарлады.

"Жалпы есеппен жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің модернизациясына 450 млрд теңге бөлінеді. 2015 жылы - 60 млрд теңге, 2016 жылы - 90 млрд теңге, 2017 жыл мен 2019 жыл аралығында - жыл сайын 100 млрд теңгеден", - деп мәлімдеді вице-министр.

Жобаларды несиелендіру "Қазорталық ТКШ" АҚ қатысуымен бюджеттік несиелендіру механизмі арқылы жүзеге асырылады.

Осылайша, 2019 жылға дейін ТКШ секторында 96 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Нәтижесінде 266,3 км жылумен, сумен жабдықтау және су бұру желілері қайта құрылады, бұл тозу көрсеткішін 67%-дан 65%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ 14 қазандық жөндеуден өтеді.

Похожие материалы