Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

ТМД елдері шекараларын бірігіп қорғауға келісім жасады

ТМД елдері шекараларын бірігіп қорғауға келісім жасады

Қазақстанда өткен ТМД елдері Кеңесінің отырысында мемлекеттер шекараны бірігіп қорғау мүмкіндігіне байланысты келісім жасады. Бұл туралы ВВС хабарлайды.

Бурабай курортында өткен келіссөздерге Қазақстан, Әзербайжан, Армения, Белоруссия,  Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстанның президенттері қатысты. Саммиттің ең басты тақырыбы Владимир Путин атап өткен Ауғанстандағы жағдай болды. "Террористер алдағы уақыттағы жаулап алу ниетерін жасырып отырған жоқ. Олардың бар мақсаты - Орталық Азия елдері аумағына басып кіру. Біз бұған әруақытта дайын болуымыз керек ", - деді ол Кеңес отырысында. В. Путиннің сөзінше, аталған мәселеде қабілеттілік танытып, 2016-2020 жыларда шекара қауіпсіздігін күшейту үшін ынтымақтастық аясында жаңа бағдарлама енгізу керек. "Бағдарлама ТМД елдерінің шекаралық дағдарыс жағдайын және басқада ведомстволық топтастыруды реттеуге мүмкіндік береді", - деді Ресей Президенті. ТМД елдерінің басшылары халықаралық терроризммен күрес және әскери ынтымақтастық концепциясы бойынша барлығы 16 құжатқа қол қойды.

Похожие материалы