
Алматы. 16 шілде. 7kun.kz – 2019 жылғы қаңтар-мамырда ТМД елдерінде өнеркәсіп өндірісі көлемінің артуы байқалды.
ТМД Статкомитетінің деректері бойынша Достастық елдерінде 2019 жылғы қаңтар-мамырда 2018 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2,5%-ға артты.
Достастық елдерінде тұтыну бағалары 2019 жылғы мамырда 2018 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 3,1%-ға өсті (2018 жылғы мамырда 2017 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда – 2,5%), өнеркәсіп тауарларын өндірушілер бағалары 2,2%-ға өсті (2018 жылғы мамырда 2017 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда – 5,7%).