Алматы. 15 тамыз. 7kun.kz – 2018 жылғы қаңтар-маусымдағы ТМД елдерінде өнеркәсіп өндірісі көлемінің артуы байқалды, деп хабарлайды Статистика комитеті.
ТМД Статкомитетінің деректері бойынша Достастық елдерінде 2018 жылғы қаңтар-маусымда 2017 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда өнеркәсіп өндірісінің көлемі 3,3% артты (2017 жылғы қаңтар-маусымда – 3,8%).
Достастық елдерінде тұтыну бағалары 2018 жылғы қаңтар-маусымда 2017 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 2,7% артты (2017 жылғы маусымда 2016 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда – 3,8%), өнеркәсіп тауарларын өндірушілер бағалары 8,6% артты (2017 жылғы маусымда 2016 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда – 2%).