Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

ТМД елдерінде өнеркәсіп өндірісінің көлемі артты

ТМД елдерінде өнеркәсіп өндірісінің көлемі артты

Алматы. 15 мамыр. 7kun.kz – 2019 жылғы қаңтар-наурызда ТМД елдерінде өнеркәсіп өндірісі көлемінің артуы байқалды, - деп хабарлайды ҚР ҰЭМ Статистика комитеті.

ТМД Статкомитетінің деректері бойынша Достастық елдерінде 2019 жылғы қаңтар-наурызда 2018 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2,3% артты (2018 жылғы қаңтарда-наурызда – 3,6%).

Достастық елдерінде тұтыну бағалары 2019 жылғы наурызда 2018 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 2,1% артты (2018 жылғы наурызда 2017 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда – 1,8%), өнеркәсіп тауарларын өндірушілер бағалары 0,2% төмендеді (2018 жылғы наурызда 2017 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда – 1% артты).

Похожие материалы