Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

ТМД елдерінің өкілдері Қазақстан тәжірибесін игеруге келді

ТМД елдерінің өкілдері Қазақстан тәжірибесін игеруге келді

Астана. 19 қазан. 7kun.kz - ТМД елдерінің өкілдері Қазақстанның мемлекеттік қызмет көрсету бойынша тәжірибесін игеруге келді деп хабарлайды  «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы.

«Қазақстанның мемлекеттік қызметті дамыту саласындағы тәжірибесі. Инновациялық тәсілдер: сын-тегеуріндер мен шешімдер» атты халықаралық конференциясында шетелдіктер Қазақстанның мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы тәжірибесімен танысты.

Қазір Қазақстан UNDESA электрондық үкіметті дамыту индексі аясында 27-ші орында. Яғни бұл үкіметтің халыққа мемлекеттік қызметтерді ұсыну тәртібін жеңілдетуге бағытталған белсенді жұмысының көрсеткіші.

Конференцияға қатысушы елдердің өкілдері Қазақстанның тәжірибесін зерттеу реформалар өткізу кезіндегі ақпараттық-сараптамалық жұмыстың базасын күшейтуге септігін тигізетініне, сонымен қатар мемқызметтерді көрсету саласында тәжірибе алмасу барысында тиімді диалог орнатады.

ХҚКО-ның сапасын көтерген басты ерекшелік – түрлі органдардың құжаттарын «бір терезе» қағидаты бойынша дайындап беру. Мысалы, Әзірбайжан, Малайзия, Сингапур және тағы басқа елдерде түрлі органдардың құжат дайындаушы өкілдері бір ғимаратта болғанымен, бөлек бұрыштарда қызмет көрсетеді. Ал қазақстандықтар түрлі органның құжаттарын алу үшін әр бұрышқа барып кезек тұрмайды, «бір терезе» арқылы ХҚКО-ның кез-келген қызметкерінен ала алады.

   

Похожие материалы