Алматы. 27 қыркүйек. 7kun.kz - Қазақстан - микрокредит нарығында ТМД елдерінің арасында ең ірісі, деп хабарлайды finprom.kz хабарлады.
Microfinance Information Exchange халықаралық ұйымының деректері бойынша ҚР Достастықтағы несие нарығының 33 пайызын немесе 464,3 млн долларын құрайды. Қазақстаннан кейінгі орында Әзірбайжан. Оның микроқаржылық ұйымның (МҚҰ) несие қоржыны - 337,6 млн доллар. Ол ТМД нарығының 24 пайызын құрайды.
Үшінші орында - Тәжікстан. Банктік емес ұйымдар берген микрокредиттердің жалпы сомасы 191 млн долларға жетті.
Қарыз алушылардың саны бойынша, Қазақстан Әзірбайжаннан кейінгі орында. Қазақстандық МҚҰ белсенді қарыз алушылар - 254,5 мың. Әзірбайжанда - 274,8 мың. Бұл көрсеткіш Қазақстаннан 8 пайызға көп.
Көшбасшылар үштігіне 232,4 мың белсенді қарыз алушылар санымен Тәжікстан да кірді.
ТМД аумағындағы ең ірі МҚҰ - қазақстандық KMF. Бұл банктік емес ұйымның белсенді қарыз алушылар саны - 183,3 мың. Бұл Достастық нарығының 16,8 пайызын құрайды.
Қазіргі уақытта ҚР микрокредит нарығының 50 пайызы KMF-ке тиесілі.
Мейірім Бақытжанова