ТМД-ның бейресми саммитіне қатысушы президенттер сыйлыққа «2023» саны жазылған сақина алды
Әлем. 27 желтоқсан. 7kun.kz – Санкт-Петербургте өткен ТМД-ның бейресми саммитіне қатысушыларға Жаңа Жылдық құттықтауы ретінде тоғыз клубтық сақина дайындалған. Оның бірін кейінірек Беларусь президенті Александр Лукашенко тағып жүрді, деп жазады Беларусь президентіне жақын «Бірінші Пул» телеграм арнасы.
Қымбат металдан жасалған әрбір сақинада - ТМД символикасы, «2023» саны және «Жаңа жыл құтты болсын» деген сөздер бар.
Сақиналар қонақ болып барған сегіз президент пен саммит қожайыны - Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинге арналған. Айта кетейік қонақтардың ішінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та бар.
«Бірінші» (Лукашенконың – ред.) тағып жүрген сақинаның құпиясы ашылды! 9 клуб сақинасы ТМД көшбасшыларының бейресми кездесуіне арнайы дайындалған. Олар-жаңа жылға құттықтау»,-деп жазды телеграм арна сыйлықтың суретін жариялап.