Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Токиодағы Олимпиада ойындарының шығыны 17 млрд доллардан аспайды

Токиодағы Олимпиада ойындарының шығыны 17 млрд доллардан аспайды

Токио. 22 желтоқсан. 7kun.kz - 2020 жылы Жапонияның Токио қаласында өтетін жазғы Олимпиада ойындары үшін 15-16,8 млрд доллар көлемінде қаржы жұмсалады. Бұл туралы Олимпиаданы ұйымдастырушылар мәлімдеді.

Бастапқыда ойындар үшін жұмсалатын қаржы 2,4 млрд доллар шамасында болған. Алайда өткен жылы қаржы бірден 15 млрд долларға өсті. Ал біраз уақыт бұрын сарапшылар шығын 3 трлн иеннен асып кетуі (25,5 млрд доллар) мүмкін деген болжам жасаған еді. Токио билігі болса шығынды азайтуға және артық ақша жұмсамауға уәде берді. Сонымен әлі де нақтылана қоймаған соманың 6,3 млрд доллары түрлі нысандардың құрылысына, 7,7 млрд доллары қызмет көрсетуге, 1-2,8 млрды басқа да шығындар үшін жұмсалады деп жоспарланған. Айта кетейік, 2016 жылғы Рио-де-Жанейрода өткен жазғы ойындарға шамамен 3,5 млрд доллар жұмсалған, ал Лондон 2012 жылы 13 млрд доллар жұмсады. Ел ең көп шығын жұмсаған ел - Ресей. Мемлекет Сочиде өткен қысқы ойындар үшін 51 млрд доллар жұмсады. XXXII Жазғы Олимпиада ойындарының Жапонияда өтетіні туралы 2013 жылдың 1 қыркүйегінде белгілі болды. Ал ашылу салтанаты 2020 жылы 24 шілдеде болады деп жоспарланған.

Похожие материалы