
Алматы. 29 қазан. 7kun.kz — Президент Қасым-Жомарт Тоқаев екі күндік жұмыс сапарымен Алматыға келді.
Мемлекет басшысы "Жаңа Алматы" бағдарламасымен танысады, балалар үйінің тәрбиеленушілеріне пәтер кілтін табыстайды, сондай-ақ Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңеске қатысады.
Сонымен қатар, ол "Teh Garden" инновациялық кластерінің жұмысымен, Инвестициялық үйдің жұмысымен танысады және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға барады, онда "Керемет" студенттерге қызмет көрсету орталығы мен оқу корпустарын қарап шығады.
Жұмыс сапарының екінші күні мемлекет басшысы Алматыдағы резиденциясында бірқатар кездесу өткізеді.