Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Тоқаев атаулы әлеуметтік көмек алу үшін алаяқтыққа барғандарды жазалауды тапсырды

Тоқаев атаулы әлеуметтік көмек алу үшін алаяқтыққа барғандарды жазалауды тапсырды

Алматы. 15 шілде. 7kun.kz – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кейбір азаматтар атаулы әлеуметтік көмек алу үшін түрлі әдістерге баратынын айтты.

«Атаулы әлеуметтік көмек бойынша теріс пиғылды әрекеттер тұтас елге тарады. Өтірік ажырасу, жұмыстан шығу, өз мүлкін басқаға жазу арқылы табысын азайтып көрсету, малын сойып тастау деп кете береді», - деді Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Оның айтуынша, Жобаны тиімсіз жүзеге асыру халықтың кей бөлігінің масылдық күйге түсуіне әкеп соқты.

«Бұл – біздің шала жұмысымыз. Атаулы көмек бөлуді қатаң бақылауға алып, кез келген алаяқтық пен жемқорлықты қатаң жазалау керек. Үкімет пен әкімдер мұндай фактілердің алдын алып, АӘК төлемдерін әкімшіліктендіруді ретке келтіруі тиіс. Көмек атаулы түрде көрсетілуі қажет», - деп атап өтті Тоқаев.

Жалпы, оның айтуынша, бұл шара аз қамтылған азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған. Бұл шара орта есеппен көмек мөлшерін ұлғайтуға, АӘК алушылар шеңберін үш есеге жуық кеңейтуге мүмкіндік берді. Бүгінгі таңда АӘК алушылар саны 1,5 млн-нан астам адамды немесе 291 мың отбасын құрады. Бүгінде атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге 202,5 млрд теңге қарастырылған.

Похожие материалы