
Астана. 3 қаңтар. 7kun.kz – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар заңға қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
- «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»;
- «Қазақстан Республикасының Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекстеріне экологиялық құқықбұзушылықтар және вандализм көріністері үшін жауаптылықты күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»;
- «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексіне экологиялық құқықбұзушылықтар және вандализм көріністері үшін әкімшілік жауаптылықты күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»;
- «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қорғауға жататын адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы».