
Нұр-Сұлтан. 1 қыркүйек. 7kun.kz – Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдау жасады, деп хабарлайды 7kun.kz.
Мемлекет басшысы биыл күзде кезектен тыс президент сайлауын өткізуді ұсынды.
«Әділетті Қазақстанды құру жолында түбегейлі және жан-жақты реформаларды табысты жүзеге асыру үшін халықтың жаңа сенім мандаты қажет. Мен үшін мемлекет мүддесі бәрінен биік. Сондықтан мен өкілеттік мерзімімді қысқартуға және кезектен тыс Президент сайлауына баруға дайынмын», – деді Мемлекет басшысы.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев президент мандатының ұзақтығын 7 жылдық бір мерзіммен шектеуді ұсынды.
«Мен көп ойланып, Президент өкілеттігі мерзімдерінің санын және ұзақтығын қайта қарау қажет деген байламға келдім. Президент мандатын ұзақтығы 7 жылдық бір мерзіммен шектеуді ұсынамын. Бірақ қайта сайлануға тыйым салынады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.