Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Тоқаев бизнесті тексеруге мораторий мерзімін ұзарту туралы жарлыққа қол қойды

Тоқаев бизнесті тексеруге мораторий мерзімін ұзарту туралы жарлыққа қол қойды

Астана. 7 желтоқсан. 7kun.kz – Мораторий 2019 жылдың желтоқсанында енгізілген. Енді ол 2024 жылдың 1 қаңтарына дейін ұзартылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасында тексерулерге және профилактикалық бақылау мен қадағалауды барып жүргізуге мораторий енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 229 Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Жарлыққа қол қойды.

Жарлық 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Похожие материалы