Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Тоқаев халықтың кредитін есептен шығаруды сапалы орындауды тапсырды

Тоқаев халықтың кредитін есептен шығаруды сапалы орындауды тапсырды

Алматы. 15 шілде. 7kun.kz — Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар қарыз алушылардың банк алдындағы берешегін есептен шығару акциясы бір реттік болады деп мәлімдеді.

"Бұл акция бір реттік сипатқа ие: әрі қарай біз мұндай шаралармен айналыса алмаймыз, құқымыз жоқ. Бірақ біз жариялағанымызды мерзімінде және сапалы орындауымыз керек", - деді Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Бұл ретте әңгіме борыштық жүктемені есептен шығаруға, сондай-ақ тұтынушылық кепілсіз несиелер бойынша халықтың әлеуметтік осал топтарына қатысты өсімақылар мен айыппұлдарды төлеуге қатысты.

Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевтың айтуынша, бұл жұмыс екі блокқа бөлінген. Олардың біріншісі бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлескен (жеңілдікті алатын топқа кірген халық топтарын салыстыруға байланысты) жұмыс осы аптада аяқталады.

"Келесі аптадан бастап шілденің соңына дейін екінші деңгейлі банктер, микроқаржы ұйымдары мен проблемалық кредиттер қоры арасында алдын ала келісім-шартқа қол қойылады. Біздің пікірімізше, 1 қыркүйекке дейін банктерде қажетті төлемдер аяқталады, ал Мемлекеттік кредиттік бюро қолдау тізіміне енген барлық азаматтарды растайды. Ал айыппұл мен өсімақы бойынша жұмыстарды тамыз айының басына дейін аяқтаймыз", - деді Ұлттық банк басшысы.

Сондай-ақ, Ерболат Досевтың айтуынша, өсімпұлдар мен айыппұлдардың 70%-ы қаржы ұйымдарының есебінен, ал 30%-ы Ұлттық банк есебінен өтеледі. Бұл мақсатқа Ұлттық банк 17 млрд теңге бөледі.

Мемлекет басшысы бұл жұмысты Үкімет пен Президент Әкімшілігіне тұрақты бақылауға алуды тапсырды.

Еске сала кетейік, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев маусым айында кепілсіз тұтынушылық қарыздардың бір бөлігін есептен шығаруды қарастыратын "Азаматтардың борыштық жүктемесін азайту жөніндегі шаралар туралы" Жарлыққа қол қойды.

Похожие материалы