Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Тоқаев Әлиевті «Алтын Қыран» орденімен марапаттады

Тоқаев Әлиевті «Алтын Қыран» орденімен марапаттады

Баку. 24 тамыз. 7kun.kz – ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Әзербайжан басшысы Ильхам Әлиев «Алтын Қыран» орденімен марапатталды, деп хабарлайды 7kun.kz.

«Қазақстан Республикасы мен Әзербайжан Республикасы арасындағы екіжақты саяси, экономикалық және мәдени қатынастарды нығайтуға және дамытуға қосқан айрықша үлесі үшін Әзербайжан Республикасының президенті Ильхам Гейдар оглы Алиев "Алтын Қыран" орденімен наградталсын», – делінген жарлықта.

Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

«Алтын Қыран» ордені - Қазақстан Республикасының жоғары дәрежелi ерекшелiк белгiсi.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін, 24 тамыз ресми сапармен Бакуге барды. Бұл Тоқаевтың Қазақстан президенті ретінде Әзербайжанға жасаған алғашқы ресми сапары.

Похожие материалы