Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Тоқаев мемлекеттік сапармен Өзбекстанға барады

Тоқаев мемлекеттік сапармен Өзбекстанға барады

Алматы. 12 сәуір. 7kun.kz – 14-15 сәуір күндері Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев алғашқы мемлекеттік сапармен Өзбекстан Республикасына барады, деп хабарлайды Ақорда.

«Келіссөздер барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен сауда-экономикалық, әлеуметтік-гуманитарлық және көлік-транзиттік салалардағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бағытталған екіжақты ықпалдастықтың өзекті мәселелерін, сондай-ақ, өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі басты тақырыптарды талқылайды», - делінген хабарламада.

Бірқатар маңызды құжаттарға қол қойылмақ.

Сонымен қатар, Қ.Тоқаев пен Ш.Мирзиёев Өзбекстандағы Қазақстан жылының салтанатты ашылу рәсіміне қатысады

Похожие материалы