Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Тоқаев пен Путин қандай құжаттарға қол қойды?

Тоқаев пен Путин қандай құжаттарға қол қойды?

Алматы. 4 сәуір. 7kun.kz – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың РФ Президенті Владимир Путинмен өткен кездесуінің қорытындысы бойынша қандай құжаттар қабылданып, қол қойылғандығы белгілі болды.

Ақорданың хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаевтың Мәскеуге ресми сапарының қорытындысы бойынша мынадай құжаттар қабылданды және қол қойылды:

1.Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың және Ресей Федерациясының президенті Владимир Путиннің бірлескен мәлімдемесі

Ресей Президенті құжатта Ресей-Қазақстан стратегиялық әріптестігін жан-жақты нығайтуға екі жақты көңіл бөлінгенін, сондай-ақ оны одан әрі дамыту бойынша маңызды және жауапты міндеттер қойылғанын атап өтті.

2.Ресей-Қазақстан өндірістік кооперациясы саласындағы бірлескен іс-қимыл бағдарламасы.

«Бағдарламаны жүзеге асыру Қазақстанда ауыл шаруашылығы, жүк және жеңіл автотехника зауыттарын салуға, КамАЗ, АвтоВАЗ, ГАЗ, ПАЗ және т.б. сияқты ресейлік компаниялардың қатысуымен, тыңайтқыш шығаратын зауытты қоса алғанда, жалпы сомасы 1,2 млрд доллар құрайтын автокомпоненттер мен жинақтаушылар өндірісін жолға қоюға мүмкіндік береді», - деп хабарлайды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.

3.Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» кешенін газбен жабдықтау жөніндегі келісім.

4.Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Ресей Федерациясының Өнеркәсіп және сауда министрлігі арасындағы Кәсіпорындардың ғылыми-техникалық кооперациясы саласындағы екіжақты ынтымақтастық жоспары.

«Қазақстанда әртүрлі әскери техникаға қызмет көрсету және жөндеу бойынша сервистік орталықтар құру мәселелері талқыланды. Азаматтық тікұшақтардың құрастыру өндірісі мен әскери-өнеркәсіптік кешеннің бірқатар өнімдерін оқшаулау жобалары қаралды», - деді ҚР Президенті.

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Президент лауазымындағы алғашқы шетелдік сапарын табысты деп бағалады.

Похожие материалы