Доха. 22 маусым. 7kun.kz – ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Дохада өтіп жатқан Қатар экономикалық форумы аясында Ресей президенті Владимир Путинмен қарым-қатынасы туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды 7kun.kz.
«Владимир Путинмен соңғы кездесуіңізден кейін ол Қазақстанның тұрақты әрі сенімді одақтасы болып қала береді ме?» – деп сұрады Тоқаевтан Bloomberg тілшісі.
«Иә, ол әлі де Қазақстанның сенімді одақтасы. Ал өз елімнің президенті ретінде мен Путинмен тығыз қарым-қатынаста болғаныма өте қуаныштымын. Солай болуы керек», – деп жауап берді президент.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы Ресей президентімен жеке сөйлескенде де Қазақстанның Донецк пен Луганск мәселесіне қатысты ұстанымы туралы ешқандай реакция болмағанын атап өтті.
Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев Дохаға Катар Әмірінің жеке шақыруымен келді.