Экономика
Тоқаев қаңтар оқиғасына қатысушыларға «Рақымшылық жасау туралы» Заңға қол қойды

Астана. 2 қараша. 7kun.kz – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Рақымшылық жасау туралы» Заңға қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
«Мемлекет басшысы «Рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», – делінген Жарлықта.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауында қаңтар оқиғасына қатысушыларға бір реттік рақымшылық жарияланатыны туралы айтқан еді.