Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Тоқаев Қарағанды облысының жолдарына қатысты тапсырма берді

Тоқаев Қарағанды облысының жолдарына қатысты тапсырма берді

Қарағанды. 5 қазан. 7kun.kz – Қарағанды облысына жұмыс сапарымен барған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қарағанды – Балқаш» және «Балқаш – Бурылбайтал» тас жолын келесі жылы аяқатуға тапсырды. Бұл туралы ҚР президентінің баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысы Қарағанды облысы жұртшылығымен кездесу өткізіп жатыр.

«Қарағанды облысы еліміздің дәл ортасында орналасқан. Оңтүстік пен солтүстікті жалғайтын ең басты күре жол осы өңірді басып өтеді. Аймақты дамытуға автокөлік жолдарының сапасы айрықша ықпал ететіні анық.Қазір Орталық – Оңтүстік көлік дәлізі салынып жатыр. Балқаш қаласы арқылы өтетін жолдың құрылысы өте баяу жүріп, мерзімі қайта-қайта кейінге қалуда. Үкіметке «Қарағанды – Балқаш» және «Балқаш – Бурылбайтал» тас жолын келесі жылы салып бітіруді тапсырамын»,– деді Тоқаев.

Ол «Қарағанды – Жезқазған» күре жолы да аса маңызды екенін атап өтті. Ұзындығы 500 шақырымнан асатын жол жөнделсе, орталық өңірлерге барыс-келіс жақсарады. Жүк тасымалы көбейеді.

«Бұл Ұлытау облысын дамытуға зор септігін тигізеді. Екі облыстың инвестициялық және туристік мүмкіндігін арттырады. Осы жолды жөндеу жұмысына алдағы жылы дереу кірісу керек.Сондай-ақ, «Қарағанды – Қарқаралы» тас жолын жөндеуді тапсырамын. Қарқаралының туристік әлеуетін арттыру мақсатында бұл жұмысты алдағы екі жылдың ішінде аяқтау қажет», – деді президент.

Похожие материалы