
Нұр-Сұлтан. 12 шілде. 7kun.kz – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қаржы (инвестициялық) пирамидаларының қызметіне қарсы іс-қимыл мәселелері туралы заңға қол қойды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Мемлекет басшысы келесдей заңдарға қол қойды:
«Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне қаржылық (инвестициялық) пирамидалардың қызметіне қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша толықтыру енгізу туралы»;
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржылық (инвестициялық) пирамидалардың қызметіне қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы».