
Доха. 21 маусым. 7kun.kz – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әмірінің жеке шақыруымен Доха қаласына жұмыс сапарымен келді. Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі хабарлады.
Бүгін Қазақстан Президенті Қатар экономикалық форумына қатысады, сондай-ақ Әмір Тамим бен Хамад Әл Тәнимен кездесу өткізеді.