Алматы. 24 қаңтар. 7kun.kz — 2019 жылы Қазақстанның экономикалық өсімі 4,5% құрады, деп Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында хабарлады.
"Өткен жылы біз жақсы көрсеткіштерге қол жеткіздік – экономикалық өсім 4,5%-ды құрады. Экономиканың негізгі салаларында өсу динамикасы байқалады. Осы көрсеткіштердің барлығы халықтың өмір сүру деңгейіне оң әсер етуі тиіс", - деді Мемлекет басшысы.
Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің сайлауалды бағдарламасында айтылған негізгі міндеттерді жүзеге асыру қажеттілігіне де тоқталды. Оның айтуынша, бұл елдің тұрақты дамуына, халықтың әл-ауқатын арттыруға қуатты серпін береді.
"Қазір біз осы бағыттағы жүргізілген жұмыстарға тоқтап, болашаққа жоспарымызды талқылаймыз. Басты мақсат - қолда бар мүмкіндіктер мен әлеуетті толыққанды пайдалану", - деді ел президенті.