Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Тоқаев Қазақстанда «кремний алқабы» пайда болуы керек деп есептейді

Тоқаев Қазақстанда «кремний алқабы» пайда болуы керек деп есептейді

Алматы. 16 қараша. 7kun.kz – Қазақстан өзінің «кремний алқабын» құрудың әлемдік үрдісінен шет қалмауы тиіс. Бұл туралы ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.

Президент Алматыда студенттер мен жас ғалымдармен кездесуінде қазір көптеген елдер өздерінің «кремний алқаптарын» құруға кіріскенін атап өтті.

«Олар әлемнің ең үздік инженерлерін шақырады. Себебі ғылым алып индустрияға айналды. Бұл сала бүкіл экономиканы жаңа деңгейге көтеретін сектор ретінде қалыптасып келеді. Біз осы әлемдік үрдістен шет қалмауымыз керек», – деді Тоқаев.

Оның айтуынша, Қазақстан талай жыл бойы негізінен мұнайға арқа сүйеп келді.

«Бірақ қазір – заман басқа. Табиғи байлықтың емес, адам капиталының маңызы артқан дәуірге қадам бастық», – деді президент.

Похожие материалы