Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Тоқаев қазақстандықтарға күрделі кезеңнің келе жатқанын ескертті

Тоқаев қазақстандықтарға күрделі кезеңнің келе жатқанын ескертті

Алматы. 4 шілде. 7kun.kz – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға қандай қиындықтарды шешу керектігін айтты.

Мемлекет басшысының айтуынша, әлемдік болжамдар бойынша экономиканың өсуі нашарлауда. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) есебіне сәйкес өткен жылы әлемдегі тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы сомасы 27%-ға азайып, 1,1 трлн долларға дейін төмендеді.

«Осы қиын жағдайда Қазақстан шетелдік инвестициялардың тұрақты ағынын қолдай алды. Өткен жылы тартылған қаражаттың жалпы көлемі 24,3 млрд долларды құрап, 2017 жылмен салыстырғанда 16%-ға өсті. Осының барлығы біздің ұжымдық күш-жігеріміз бен жемісті жұмысымыздың арқасында мүмкін болды. Бірақ бүгінде біздің алдымызда тұрған бірқатар қиындықтар бар», – деді Тоқаев.

Әлемдік еңбек нарығының өзгеруі бүгінгі күннің басты мегатрендтерінің бірі және қазақстандық білім беру мен әлеуметтік қорғау жүйесі үшін өте үлкен сын-қатер.

«Сондықтан адами капиталдың дамуы бүгінгі әлемдегі маңызды мәселелердің бірі», - деді Президент.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтанда мемлекет басшысының қатысуымен Шетелдік инвесторлар кеңесінің 32-ші пленарлық отырысы өтуде.

Похожие материалы