Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Тоқаев Қазақстанның сыртқы саяси ұстанмыдарын атап өтті

Тоқаев Қазақстанның сыртқы саяси ұстанмыдарын атап өтті

Шымкент. 27 қыркүйек. 7kun.kz – Қазақстан халықаралық қатынастарда әділеттілік, ішкі істерге араласпау, мемлекеттің егемендігі мен территориялық тұтастығын құрметтеу қағидаттарын нығайту ұстанымдарын нығайтады. Бұл туралы ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент жұртшылығымен кездесуде айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.

Мемлекет басшысының айтуынша, елдің сыртқы саясаты бұрынғыдай теңгерімді, көпбағытты және конструктивті болады.

«Қазақстан Ресеймен одақтастық қарым-қатынасты, Қытаймен мәңгілік стратегиялық серіктестікті, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Тәжікстан секілді бауырлас Орталық Азия мемлекеттерімен және Түркиямен жан-жақты ынтымақтастықты, сондай-ақ Азияда, Таяу Шығыс немесе Еуропа құрлығында болсын, әлемнің барлық мүдделі мемлекеттерімен өзара тиімді байланыстарды одан әрі дамытуға бар күш-жігерін жұмсайды», – деді президент.

Похожие материалы