Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Тоқаев ҰҚШҰ Бас хатшысы Станислав Засьті қабылдады

Тоқаев ҰҚШҰ Бас хатшысы Станислав Засьті  қабылдады

Астана. 10 қазан. 7kun.kz – ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ Бас хатшысы Станислав Засьті қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Бас хатшысы Мемлекет басшысына ұйымның қазіргі жағдайы мен даму перспективалары, сондай-ақ ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезекті сессиясына дайындық барысы жөнінде мәлімет берді», – делінген хабарламада.

Кездесуде бұл халықаралық ұйым қызметінің негізгі бағыттарындағы ауқымды мәселелер қарастырылды.

Айта кетейік, Станислав Зась Астанаға жұмыс сапарымен келіп, бұған дейін Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен және Қазақстан Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Ғизат Нұрдәулетовпен кездесті.

Похожие материалы