Алматы. 28 қараша. 7kun.kz – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путиннің шақыруымен Ресей Федерациясына ресми сапармен барды. Бұл туралы ҚР президентінің баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшысы ертең Мәскеуде Ресей президентімен келіссөз жүргізеді. Сондай-ақ екі елдің басшылары Қазақстан мен Ресейдің Өңіраралық ынтымақтастық форумының жұмысына бейнебайланыс режимінде қатысады.