Нұр-Сұлтан. 13 қыркүйек. 7kun.kz – Қазақстанға мемлекеттік сапармен Рим Папасы келді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Рим Папасы Францискті елорда әуежайында өзі қарсы алды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Қарсы алу рәсімі барысында мемлекеттер басшылары бір-біріне екі елдің делегация мүшелерін таныстырды. Содан кейін Қазақстан Президенті мен Католик шіркеуінің басшысы президенттік терминалдың Каминді залында қысқаша әңгімелесті.
Кездесу соңында мәртебелі қонақтың кортежі Ақордаға бағыт алды.