
Нұр-Сұлтан. 15 қыркүйек. 7kun.kz – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Рим Папасы Францискке естелікке домбыра сыйлады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Рим Папасы Францискке қонақжай қазақ жерінен естелікке домбыра сыйлады», – делінген хабарламада.
Айта кетейік, Рим Папасы Қазақстанға үш күндік мемлекеттік сапармен келді. Ол ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесіп, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезінің ашылуы мен пленарлық отырысына қатысып, діни рәсім (месса) өткізді.