Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Тоқаев сайлауда дауыс берді

Тоқаев сайлауда дауыс берді

Астана. 20 қараша. 7kun.kz – Қасым-Жомарт Тоқаев кезектен тыс президент сайлауында дауыс берді, деп хабарлайды 7kun.kz.

Ол оқушылар сарайында орналасқан №58 сайлау учаскесінде дауыс берді. Сайлауда дауыс бергеннен кейін журналистердің сұрағына жауап берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев сайлаудан кейін Үкімет отставкаға кетпейтінін, бірақ өзгерістер болатынын жеткізді.

«Үкіметтің Президент сайлауынан кейін отставкаға кетуі міндетті емес. Бірақ өзгеріс болады. Ал Парламент сайлауы жайлы жыл соңына дейін үндеу жариялаймын», – деді Тоқаев.

Сондай-ақ шетелге заңсыз шығарылған активтерді елге қайтару бойынша заң қабылданатынын да атап өтті.

Айта кетейік, 2022 жылдың 20 қарашасында Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтеді. Алғашқы сайлау учаскелері сағат 6:00-де ашылды.

Похожие материалы