Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Тоқаев Санкт-Петербург халықаралық форумына қатысады

Тоқаев Санкт-Петербург халықаралық форумына қатысады

Ресей. 13 маусым. 7kun.kz – ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Санкт-Петербург халықаралық экономикалық форумына (СПХЭФ) қатысады. Бұл туралы ТАСС агенттігіне берген сұхбатында Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков айтты.

«Иә, расымен, президент Тоқаев өзінің қатысатынын мәлімдеді. Біз қазақстандық достарымызға, серіктестерімізге әрі одақтастарымызға осы қатысқандары үшін өте ризамыз. Бірақ басқа қатысушыларға келетін болсақ, олар да сонда болады», – деді Дмитрий Песков.

Ол форумға мемлекет және үкімет деңгейіндегі басшылар қатысатынын айтып, бірақ жиынға тағы кім келетінін ашық айтпады.

Айта кетейік, СПХЭФ Санкт-Петербургте 15-18 маусым аралығында өтеді. Санкт-Петербург губернаторы Александр Беглов форумға қатысуға 69 елдің делегациялары өтініш бергенін айтты.

Похожие материалы