Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Тоқаев шетелдік дипмиссия басшыларын «Самұрық-Қазынамен» тығыз байланыс орнатуға шақырды

Тоқаев шетелдік дипмиссия басшыларын «Самұрық-Қазынамен» тығыз байланыс орнатуға шақырды

Астана. 4 қараша. 7kun.kz – Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдік дипломатиялық миссиялардың басшыларымен кездесті, деп хабарлайды 7kun.kz.

Президент шетелдік дипмиссия басшыларына «Самұрық-Қазына» АҚ-ны әлемнің отыз ірі тәуелсіз қорының қатарына кіретінін айтты.

«Қордың портфельдік компанияларын жекешелендіру – негізгі бастамалардың бірі. Ұлттық мұнай компаниясы, әуе компаниясы және теміржол компаниясы сияқты қордың ірі активтері жақын уақытта ашық компанияларға айналады. Мұнай саласындағы жетекші «ҚазМұнайГаз» компаниясы биыл күзде Қазақстанда IPO өткізеді», – деді ол.

Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстан мен Орталық Азия аймағы барлық мүдделі мемлекеттермен және ұйымдармен өзара тиімді ынтымақтастық орнатуға мүдделі.

«Орталық Азияның аймақтық және жаһандық деңгейдегі маңызының артуына байланысты C5+ форматы серіктестерімізбен арадағы ынтымақтастықты кеңейту үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Қазір C5+ форматы көптеген елдермен және өңірлік одақтармен, атап айтқанда АҚШ, Жапония, Оңтүстік Корея және кейінгі уақытта Қытай, Үндістан, Ресей, Еуропалық Одақпен белсенді ынтымақтастық орнатты», – деді ол.

Похожие материалы