Нұр-Сұлтан. 14 маусым. 7kun.kz – Шілдеде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді. Бұл туралы ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.
«2022 жылдың шілдесінде мемлекет басшысының төрағалығымен үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп, онда елдің бірінші жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары шығарылады. Атап айтқанда, инфляция мен инвестицияға қатысты мәселелер көтеріледі», – деді Әлихан Смайылов.
Министрлер кабинетінің басшысы барлық министрлер мен әкімдерге отырысқа дайындалуды тапсырды. Сондай-ақ, барлық өңірлер, соның ішінде үш жаңа облыс бойынша да алты айдың қорытындысы шығарылуы тиіс екенін атап өтті.